Көрнекіліктер,Алғашқы әскери дайындық/ бастапқы әскери даярлық/ пәні, дидактикалық материалдар
Кабинет бұрышы
Шақыру
Қауіпсіздік ережелері
Бұйрықтар
Күнтізбелік жоспар
Mіндеттер
Апталық жоспар
Үйірме
жұмысы
Сұңқар ойыны
Тест
Жас ұлан
Шақырылушының құжаттары
Қонақ кітап

Сілтемелер
Яндекс.Погода


ҚР Білім және Ғылым министрлігі




Алғашқы әскери дайындық пәнінде /Дидактикалық материалдарды/
көрнекілік материалдарды қолдану.

     Көрнекілік материалдарға плакаттар, таратпа материалдар, тест материалдары, қару макеттері,техникалық оқыту құралдары, жалпақ тілмен айтқанда сабақты оқушылардың тез игеруіне, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетін, қолмен ұстап, көзбен көруге болатын барлық материалдарды жатқызуға болады. Қазіргі таңда сабақтарда техникалық оқыту құралдарын қолдану мүмкіндігі мол.Техникалық оқыту құралдарына компютер,графопроектор,интерактивті тақта, бейне магнитафон,мультимедиа кабинеттерін жатқызуға болады.
Мектептерде оқытылатын көптеген пәндер бойынша әртүрлі электрондық оқулықтар,бағдарламалар бар.Өкінішке орай ол пәндердің қатарында алғашқы әскери дайындық пәні жоқ.Менің айтайын дегенім ондай бағдарламалар бізде жоқ екен деп қол қусырып отыру емес әрине.Мен сіздерге Microsoft Power Point бағдарламасын қолдана отырып сабақ өтуді ұсынамын.Бұл бағдарлама арқылы сабақ жоспарларын,қарудың құрылысын, әртүрлі жарыс сабақтарын ұйымдастыру және тағы да басқа көптеген материалдарды жасау компютерді қолданудың алғашқы курсынан өткен адамдарға еш қиындық туғыза қоймайды.Ал компютерді кез келген ауыл мектептерінен табуға болады.Қандай көлемде ,қай тақырыпта көрнекілік материалдар жасау өз қолыңызда.Тек ынта мен уақытыңызды бөлсеңіз болғаны.Ал бұл еңбегіңіздің өз кезегінде ескеріліп, жемісін беретініне күмәніңіз болмасын.
     Егер қажет деп тапсаңыздар мына жерден осы бағдарламада жасалынған бірнеше материалдарды көшіре аласыздар.

     Алғашқы әсери дайындық сабақтарында техникалық оқыту құралдарын қолдану жөнінде ұсыныстарыңыз, ақыл-кеңестеріңіз болып жатса төмендегі Suleimenov_Meirb@mail.ru электрондық поштаға немесе қонақ кітапқа жазуларыңызды сұранамын






Сайт управляется системой uCoz