Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысының міндеттері
   Алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы оқу орнының директорына бағынады және оқушылардың Алғашқы әскери дайындығына және сабақ жүргізілуі кезінде қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына тікелей жауап береді.
    Ол:
Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтарды жүргізеді,әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге басшылық етеді;
Өзінің кәсіби және педагогикалық ұжымымен бірлесіп оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізеді;
Әскер жасына дейінгі ер балаларды медициналық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Әскери оқу орындарына түсу үшін азаматтарды іріктеу мен дайындау жөнінде жұмыстар жүргізеді және жергілікті әскери басқару органдарына жәрдем көрсетеді;
Алғашқы әскери дайындықтың ұйымдастырушы-оқытушысының жұмысы сабақтар кестесімен,сабақтан тыс мезгілде өткізілетін іс-шаралар жоспарымен және оқу орнының басшысы бекіткен өзінің жеке жоспарымен регламенттелінеді.
Ұйымдастырушы оқытушылар оқу орны бойынша кезекшілікке тартылуы мүмкін.
Оқу орнының басшылығы:
Жастардың Алғашқы әскери дайындықғы мен әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдатыруға және оның жай-күйіне жауап береді.
Оқу процесін уақтылы жоспарлау мен ұйымдастыруды,Алғашқы әскери дайындық бойынша бағдарламаны орындауды қамтамасыз етеді.
Практикалық сабақтарды пысықтау үшін үй-жайлар, алаңдар мен орындар бµөледі,алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын ұдайы жетілдіруге шаралар қабылдайды.
Жастардың үлгерімі үшін жеке жауапкершілігін арттыру үшін жұмыс жүргізеді.
Ұйымдастырушы оқытушыға әдістемелік көмек көрсетеді,Алғашқы әскери дайындықтың пәнаралық байланысын жүзеге асырады,үйірме немесе факультативтердің жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі.
Алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушылардың сабақ жүргізуін,жастардың өткен материалды мегеру сапасын бақылайды,оқу жылының ішінде кемінде бір рет педагогикалық кеңестерде Алғашқы әскери дайындық пен жастармен жүргізілетін әскери патриоттық жұмыстардың жай-күйін талқылайды.
Алғашқы әскери дайындықтың ұйымдастырушы-оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Алғашқы әскери дайындықты оқытудың басталуы және аяқталуы туралы , взвод тар және бөлімшелер командирлерін тағайындау туралы бұйрықтар шығарады.
Жергілікті білім беру органдары мен жергілікті әскери басқару органдарына оқушы жастармен жүргізілетін Алғашқы әскери дайындық пен әскери-патриоттық жұмыстардың жай-күйі туралы есеп береді.