С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі






10-11 сынып оқушыларына
"Алғашқы әскери дайындық" пәнінен 2010-2011 оқу
жылына жасалған қауіпсіздік техникасының
нұсқауымен таныстыру
ЖУРНАЛЫ









Шақпақ баба ауылы







               "Бекітемін" 
             ______________ Архабаев Н.
           Мектеп директоры



№1 нұсқа


Алғашқы әскери дайындық сабағындағы қауіпсіздік
ережелері

       Алғашқы әскери дайындық оқу кабинетінде әскери техникалық құрал жабдықтармен жұмыс істеу кезінде мұғалім рұқсатынсыз ешқандай құралдарды іске ќосуға және оның қауіпсіздік ережесін білмей тұрып жұмыс істеуге болмайды. Сабақ өту кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
      Саптық дайындық сабақтарында алдында келе жатқан оқушыны шалуға немесе итеруге болмайды,саптағы өз міндетін біліп оны түгелдей орындауы қажет.Өзін бақылау үшін орнатылған айна алдында дайындық өткізгенде аралықты сақтап отыру керек.
      Техникалық қызмет көрсету жұмысында парктің техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
      Оқушылардан бензинмен , антифризбен жұмыс істегенде сақ болуды талап ету,егер ыдыста бензин қалған жағдайда ол ыстық күнде буға айналып тез жануы мүмкін. Қолды, киімді этилденеген бензинмен жууға болмайды.
       Атыс дайындығы сабағында гранаталармен жұмыс істегенде, оны шашып-жинау кезінде соқышты алғанда ережесіне сай алу керек. Гранатаны лақтыру сабағында лақтыру бағытында және лақтырушының артында ешкім болмауы керек.Лақтырушылардың қалған бөлігі қауіпсіз аймақта орналасуы керек.









               "Бекітемін" 
             ______________ Архабаев Н.
           Мектеп директоры



№2 нұсқа


Атып үйренушілердің тәртiбi мен мектеп тирiнде техника
қауiпсiздiгiн сақтау ережесі

  1. Атып үйрену сабағы мектептiң сабақ кестесіне және үйiрме жоспарына сәйкес, мектеп директорының бұйрығымен жүргiзiледi.Атып үйренушi топ сабаққа Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдасттырушы оқытушысы мен жаттықтырушының басшылығымен жiберiледi.
  2. Атып үйренудi ұйымдастырушы және атыс жауапкершiлiгi бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысына,жаттықтырушыға,ал жарыс кезiнде бас төрешiге жүктеледi.
  3. Атып үйренушiлердiң техника қауiпсiздiгiн бiлуiне және осы ережелердi толық орындауына Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы жауап бередi.
  4. Атудан бос үйренушiлер арнайы дайындалған орында тәртiп сақтап күтiп тұрады.
  5. Техника қауiпсiздiк ережесiн бұзып,ок-дәрi мен қаруға немқұрайды қараған атып үйренушiлер тез арада тирден шығарылып жiберiледi.
Атуды басқарушының мiндетi.
  1. Атуды бастамас бұрын осы ережелермен танысып қол қоюы керек.
  2. Тирдi кабылдап ,атыс есебiн жургiзу журналына қол қоюы тиiс.
  3. Атыс кecтeci бойынша белгiленген уакыт бiткенде тирдi босатып оны тәртiпке келтіру керек -тесенiштер мен кiлемдердi жене қапшықтарды Т.б. жинастыру. -оқ-дәрi қорапшасы мен гильзаларды жинау,содан кейiн тирдi өткiзiп,атыс есебiн жугізу журналына қол қою керек.
Атып үйренушiлердiң мiндетi.
  1. Барлық пәрмендердi бiлу және қатал орындау,атыс кезiндегi техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  2. Атыс бiткеннен кейiн қалған оқтар мен гилзаларды жетекшiге өткiзу.
  3. Қаруды тазалау және көздеу құрылғыларын ыстау арнайы жерде немесе қару тазалау бөлмесiнде жургiзiлуi тиiс.
Тирде мыналарға тыйым салынады.
  1. Басқарушының рұқсатынсыз атысты жургiзуге.
  2. Ақаулы қарудан aтуғa
  3. Атыс аймағында «Оқта », «Ат» пәрмендерiнсiз жарақтап aтуғa
  4. Басқарушының рұқсатынсыз қаруды алуға
  5. Атыс аймағында қаруды бекiтпесi жабық,шурiппесi қайырылған күйiнде қалдыруға
  6. Атыс аймағында адамдар болатын болса қаруды жарақтаулы, жарақтаусыз күйде тылға,жан -жаққа бағыттауға
  7. Атыс аймағында атып үйренiп жатқанда тылда окпен жарақталған қарумен жаттығу жүргізуге
  8. Атыс аймағында бөтен адамдардың жүруiне
  9. Tемекі шегуге, ату құрылғыларын ыстау үшiн от жағуға
  10. Желдеткiштi қосуға,ажыратуға,жарық көздерiн ауыстыруға тыйым салынады.
Тирге жауапты басқарушының мiндетi.
  1. Тирде белгiленген тәртiп пен ереженi орындау ,қауiпсiздiк ережесiн қатал сақтау,атысты ұйымдастыру.
  2. Қауiпсiздiк ережесiн өрескел бұзғанды байқағанда тез тиiстi шара қолдану ,қауiпсiздiк ережесiнiң 6ұзылуын есеп беру дәптерiне жазып отыру,ал өрескел бұзылғанда мектеп директорына не оның орынбасарына тез арада баяндауға тиiстi.



Түзген Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы :                Сүлейменов М.







___ сынып оқушыларын Алғашқы әскери дайындық сабағы кезіндегі
қауiпсiздiк ережелерімен таныстыру ережесі

Реттік
саны
Оқушының аты-жөні
Нұсқау тақырыптары
Нұсқау
берілген
күні,айы,
жылы
Нұсқау
берушінің
қолы
Нұсқау
алушының
қолы
1
         
2
         
3
         
4
         
5
         
6
         
7
         
8
         
9
         
10
         
11
         
12
         
13
         
14
         
15
         
16
         
17
         
18
         
19
         
20
         
21
         
22
         
23
         
24
         
25
         
26
         
27
         
28
         
29
         
30
         



    Нұсқау жүргізуші:



< Бастапқы бетке


Сайт управляется системой uCoz