ҚР білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
Бреусов атындағы жалпы орта мектебі

Министерство оброзования и науки РК
Южно-Казахстанская область
Тюлькубасский район
oсш.имени Бреусова
Шақпақ баба ауылы Толымбек көшесі №70 тел. 57-195


№       Бұйрықтың көшірмесі 1.09.200_ж

Алғашқы әскери дайындық сабағының басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы " Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңын , «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығын орындау мақсатында C.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында


Бұйырамын:
  1. 2 қыркүйектен бастап 10 және 11 сыныптарда "Алғашқы әскери дайындық" сабағы басталсын.
  2. 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасын және «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығын басшылыққа ала отырып Алғашқы әскери дайындық сабағының күнтізбелік жоспарын,және оқушыларға патриоттық тєрбие беру жоспарларын түзу,әр сыныпта взвод,бөлімше командирлерін тағайындау және 2017-2018 оқу жылына қажет іс-қағаздарын бекітуге дайындау Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы Сүлейменов Мейірбекке жүктелсін.
  3. Жастарды Қазақстандық патриотизм мен интернационализм,демократиялық қоғам ісінге шексіз берілгендік,Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікті,әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеу Бреусов атындағы орта мектебі ұжымының мұғалімдеріне жүктелсін.Басшылық пен жауапкершілік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сүлейменов Мейірбекке жүктелсін.
  4. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сүлейменов Мейірбекке мына төмендегі міндеттер жүктелсін:
    1. Оқушылардың Алғашқы әскери дайындығына және сабақ жүргізілуі кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауап беру.
    2. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақ жүргізу,әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге басшылық жасау.
    3. Мектеп ұжымымен бірлесіп оқушыларды әскери- патриоттық тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізу.
    4. Әскер жасына дейінгі ер балаларды медициналық тексеруден өткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
    5. Әскери оқу орындарына түсу үшін азаматтарды іріктеу мен дайындау жөнінде жұмыстар жүргізу және жергілікті әскери басқару органдарына жәрдем көрсету.
  5.      Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Тохаев Ордабекке жүктелсін





Мектеп директоры:                                    Архабаев Н.

Бұйрықтың көшірмесі дұрыс

Хатшы:                       Қожахметова К.



Бұйрықтың көшірмесі _.02.201_ж

Алғашқы әскери дайындық сабағының жүргізілуі туралы

«Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығы негізінде және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясынан 2013 ж шыққан алғашқы әскери дайындық пәніне арналған бағдарламасын орындау мақсатында


Бұйырамын:
  1. Мектептегі 11 сыныптар үшін алғашқы әскери дайындық пәні аталған бағдарламаның оқу сабақтарының аяқталуына байланысты 4.02.201_ ж бастап сабақ кестесінен алынсын.
  2. Алғашқы әскери дайындық пәнінің ақпан – мамыр айларындағы сабақ кестесінің орнына оқу жылы аяқталардағы бес күндік оқу – дала жиыны өткізілетін кездегі басқа пәндердің бағдарламаларын орындау мақсатында қосымша сабақ кестесі түзілсін.
  3. Алғашқы әскери дайындық пәнінің 30 сағаттық практикалық бөлімі бағдарламаға сәйкес мамыр айында әскери оқу – дала жиынында өткізілсін.
  4. 4. Әскери оқу – дала жиынына дайындық жұмыстары жүргізілсін. Әскери –спорттық оқу құралдары мен үгіт – насихат плакаттары, сарбаз парақтары мен мәдени – көпшілік шараларын атқаруға қажетті құрал – сайман, оқушылардың әскери формасы, жабдықтары, оқушылардың медициналық тексеруден өтілуі және ата – аналарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылсын. Ұйымдастыру жұмыстары алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сүлейменов Мейірбекке жүктелсін.
  5. Дайындық жөніндегі мәліметті және оқушылардың тізімін (ұлы, қызын бөліп), денсаулығына байланысты аталған оқу – дала жиынына қатыспайтын оқушылардың тізімін сәуір айының 10 дейін аудандық білім бөліміне тапсыру алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Сүлейменов Мейірбекке міндеттелсін.
  6. Осы бұйрықтың орындалуы мен қосымша сабақ кестесін жасау мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Иманқұловқа тапсырылсын.





Мектеп директоры:                                    Архабаев Н.

Бұйрықтың көшірмесі дұрыс

Хатшы:                       Қожахметова К.


<Бастапқы бетке



Сайт управляется системой uCoz