Суббота, 27.07.2024
Алғашқы әскери дайындық

      Бреусов Степан Тихонович 1904 жылдың 12 желтоқсанында Высокое селосында дүниеге келген. Осы ауылдағы 4 классты мектепті бітірген. Балалар         үйінде есепші қызметін атқарған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып 334 атқыштар дивизиясында взвод командирі қызметін атқарған .        Әскери атағы лейтенант. 1944 жылы Совет Армиясы жерімізді басқыншылардан азат ету жолында шешуші күрес жүргізді. Әсіресе 1944 жылдың              жазында Белорусия жерінде өте қарқынды соғыс болды.Гитлершіл командования өзінің Белорусия жеріндегі негізгі плацдармынан айырылмау үшін          қан төгіс соғыс жүргізді. 1944 жылдың маусымында Совет Армиясының қуатты шабуылы басталды . Бұл шабуылға С. Т. Бреусов та қатысты. 23                маусымда Казановскийдеревнясының маңында Бреусов жауынгерлерді алға бастай білді. Жауынгерлер осы ұрыста жаудың үш пулеметін, 20 ға жуық        солдаттары мен офицерлерін жойып жібереді. Бреусовтың өзі гранатамен пулемет ұясын талқандап ,жаудың екі солдатын тұтқындады.25 маусымда біздің бөлімдеріміз батысқа қарай жылжыды. Жауынгерлеріміз Витебскіден Батыс Двинаға қарай жылжыды. С.Т. Бреусов жаудың жаңбырша жауған оғына қарамай қайыққа мініп өзеннен өтті.Ұрыста біздің жауынгерлеріміз екі пулеметті және бір 45 миллиметрлік зеңбіректі жойып, жаудың 23 солдаты мен офицерін өлтірді. Бреусов неміс солдаттарының бесеуінің көзін жойып , бір офицерді тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін С. Бреусовке СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 24 шілдедегі Указы бойынша Совет Одағының Батыры атағы берілді.Соғыс біткеннен кейін туған ауылына оралып Высокое ауылдық кеңесінің председателі қызметін атқарған. 1964 жылы қайтыс болған. 1965 жылы мектепке Бреусов аты берілген.

Copyright MyCorp © 2024