Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

Мерзімді әскери қызметін Кеңес армиясының қатарында Қызыл Тулы Сібір әскери округінде өтеген .

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.

1997 жылғы желтоқсан мен 2003 жылғы маусым аралығында – Астана қаласының әкімі. 2003 жылғы маусым мен 2004 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы. 2008 жылғы 23 қаңтар мен 13 қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі.

2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы маусым кезеңінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі болды.

ҚР Футбол Федерациясының Президенті. 2008 жылы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған. «Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы.

 

 

Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы

 

 

Құрманғалиев Әсет Қабиұлы

1965 жылғы 01 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылында дүниеге келген.

1984-1986 жылдар аралығында Кеңес әскерлерінің қатарында мерзімді қызмет атқарды.

1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтады.

1990 жылғы қазаннан 1993 жылғы тамызға дейін Қарағанды қаласында халық шаруашылығында еңбек етті.

1993 жылғы қыркүйектен 1998 жылғы қаңтарға дейін жеке шағын кәсіпорынның заңгері болды.

1998 жылғы ақпан мен наурыз аралығында – ҚР ҚК Бас Штабы бөлімінде бас маман.

1998 жылғы наурыздан 2008 жылғы наурызға дейін  - ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратында  ҚР ҚМ құжат айналымы Департаменті құқықтық қамтамасыз ету қызметінің офицері лауазымынан бастап ҚР ҚМ Заң департаментінің бастығы лауазымына дейінгі әскери қызмет.

2008 жылғы наурыздан 2009 жылғы шілдеге дейін  - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары – Заң басқармасының бастығы, ҚР Парламент Мәжілісі партия фракция аппаратының жетекшісі.

2009 жылғы шілдеде Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Аппарат жетекшісі болып тағайындалды (Қорғаныс министрлігі Алқасының хатшысы)

Үйленген. Екі бала тәрбиелеуде.

 

 

 

Қорғаныс министрінің 1 -ші орынбасары - штабтар бастықтары Комитетінің төрағасы

 

 

Армия генералы Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы


1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1966 жылы ААФЖЕҚ-ның Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиациялық орталығын бітірді. Офицерлік қызметті ӘШҚҚ жойғыш авиациялық полкінің ұшқышы болудан бастады. Бұдан әрі ұшқыш, аға ұшқыш, авиациялық буыннық командирі, авиациялық эскадрилья командирі, авиациялық полк командирінің орынбасары, ӘШҚҚ жойғыш авиациялық полкінің командирі лауазымдарында қызмет өткерді. 1985 жылы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери командалық академиясын бітірді. Академияны бітіргеннен кейін ӘШҚҚ дивизиясы командирінің орынбасары лауазымында қызмет өткерді.

1988 жылғы маусымда ӘШuҚ дивизиясының командирі,                      

1992 жылғы мамырда ӘШҚҚ корпусының командирі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1993 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды.

1996 жылы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, ал 1999 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2001 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен 2007 жылғы 10 қаңтарда Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы – ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Әскери ұшқыш - мерген» біліктілігі бар.

Жауынгерлік және саяси даярлықтағы табысы үшін 1978 жылғы 21 желтоқсанда ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен наградталды, жауынгерлік және қызметтік борышын үлгілі орындағаны, елдің қорғаныс қа білеттілігін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін 2003 жылғы 5 мамырда ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Ќазаќстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 112 Жарлығымен «Халық қаhарманы» алтын жұлдызын және «Отан» орденін табыс ете отырып «Халық қаhарманы» атағы берілді.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

 

 

 

Қазақстан Республикасы ЌҚорғаныс министрінің орынбасары

 

генерал-майор Нұрлан Айтманұлы Жоламанов

1956 жылы 25 шілдеде Орынбор қаласының Берді кентінде туған.

1978 жылы Орынбор зенитті зымырандық командалық училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Орта-Азия әскери округі зенитті зымыран бригадасы жеке зенитті зымыран дивизионында жіберу құрылғысы есеп тобының бастығынан бастап, зенитті зымыран батареясы командирінің орынбасары – Орта-Азия әскери округі мотоатқыштар дивизиясы зенитті зымыран полкі жауынгерлік машина есеп тобының бастығы, зенитті зымыран полкі зенитті зымыран батареясының командирі лауазымдарынан өтті.

1989 жылы құрлық қскерлері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясын бітірді.

Академиядан соң жеке зенитті зымыран дивизионының командирі, штаб бастығы – Батыс әскерлер тобы жеке зенитті зымыран полкі командирінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері зенитті зымыран бригадасының командирі лауазымдарында қызметте болды. 
  
1995 жылғы мамыр мен 1998 жылғы шілде аралығында – Құрлық әскерлері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқарма бастығы.

1998 жылғы шілде мен қараша аралығында – әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы – ҚР ҚК Жалпы мақсаттағы күштер қолбасшысының басқармасы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері басқармасының бастығы.

1998 жылғы қараша мен 1999 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары шекара командалық училищесінің бастығы.

1999 жылғы тамыз бен 2000 жылғы қаңтар аралығында – Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы жауынгерлік әзірлік басқармасының бастығы.

2000 жылңы қаңтар мен тамыз аралығында – ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары.

2001 жылы РФ ҚК Бас штабының әскери академиясын үздік және алтын медальмен бітірді.

2002 жылғы қаңтар мен 2003 жылғы қыркүйек аралығында – Шығыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы.

2003 жылғы қыркүйек пен 2004 жылғы желтоқсан аралығында –  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы.

2006 жылғы шілде мен 2009 жылғы шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары.

2009 жылғы 17 шілдеде Мемлекет басшысының үкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 10 медальмен (мерейтойлық және мүлтіксіз қызметі үшін) наградталған.

Үйленген, 2 баласы бар.

 

 

 

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары

 

Генерал-лейтенант Сембинов Болат Қаскенұлы

1958 жылғы 3 қарашада Шымкент облысы Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Киев жоғары Әскери-әуе саяси училищесін бітірді. Офицерлік қызметті Каспий флотилиясы десанттар кемесі жекелеген дивизионының БЛҚЖО комитетінің хатшысы лауазымынан бастады.

1981 жылғы қыркүйектен бастап күзет кемесінің саяси бөлімі жөніндегі командир орынбасары, күзет кемелерінің саяси бөлімі жөніндегі командир орынбасары, Каспий флотилиясының суы бар ауданын күзету кемелері бригадасы саяси бөлімі бастығының орынбасары болды.

1988 жылы В.И. Ленин атындағы әскери-саяси академиясының әскери-теңіз факультетін бітірді. Академияны бітіргеннен кейін Тынық мұхиты флотының суы бар ауданын күзету кемелері бригадасы әскери-саяси бөлімі бастығының орынбасары, қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушысы, училище бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі – Алматы ЖЖКУ қоғамдық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы лауазымдарында қызмет өткерді.

1994 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі шарттық және ішкі байланыстар басқармасы әскери мәселелер жөніндегі шарттық қатынастар бөлімінің бастығы болды. Халықаралық әскери ынтымақтастықтың калыптасу процесіне тікелей қатысты. 

1996 жылғы желтоқсанда ҚР ҚМ істері басќармасыныњ бастыѓы - єскери алќасыныњ хатшысы болып таѓайындалды.

1997 жылѓы маусымнан бастап 1998 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет өткерді.

1998 жылѓы тамызда Ќазаќстан Республикасы Ќорѓаныс министрі Аппаратыныњ бастыѓы болып таѓайындалды.

2001 жылѓы желтоќсаннан бастап Ќазаќстан Республикасы Ќорѓаныс министрі Аппаратыныњ бастыѓы болды. 

2003 жылѓы ќырк‰йекте Ќазаќстан Республикасы Президентініњ µкғмімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Генерал-лейтенант Б.Сембинов халықаралық әскери ынтымақтастықтың дамуына, Қарулы Күштердің бітімгершілік құрамының қалыптасуына, контингенттің көп ұлтты және коалициялық күштердің құрамына қатысуына жауапты.

2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын әзірлеуге тікелей басшылық жасады.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен,  «Жауынгерлік еңбектері үшін» медалімен және басқа мемлекеттік және шетелдік наградалармен наградталды.

ғылым кандидаты.

Қызығушылығы: кітаптар, өнер, саяхат. Спорт – пауэрлифтинг.

 

 

 

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары

 

 

контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы Комратов

1951 жылы 23 маусымда Жамбыл қаласында туған.

1973 жылы Севастополь жоғары Әскери-теңіз инженерлік училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Камчатка әскери флотилиясы крейсерлік сүңгуір қайығы дивизионында топ командирі болып бастаған.

Одан кейін Тынық мұхит флоты крейсерлік сүңгуір қайығы дивизионында топ командирі, сүңгуір крейсері дивизионында топ командирі лауазымдарынан өтті.

1988 жылғы желтоқсан мен 1989 жылғы қыркүйек аралығында – КСРО Қорғаныс министрлігінің кіші әскери өкілі, әскери өкілдік тобының бастығы лауазымдарында болды.

1990 жылы А.А.Гречко атындағы әскери-теңіз академиясын бітіріп, КСРО Қорғаныс министрлігі әскери өкілдігінің бастығы болып тағайындалды.

1992 жылғы қазан мен 1993 жылғы қыркүйек аралығында – Қорғаныс өндірісі басқармасы жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

1993 жылғы қыркүйекте әскери-теңіз базасының командирі. Одан кейін – әскер-теңіз күштері қолбасшысының қару-жарақ және кеме жасау жөніндегі орынбасары – Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштері қару-жарақ және кеме жасау басқармасының бастығы.

1997 жылғы наурыздан – Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы – әскери-теңіз базасының командирі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы.

2001 жылғы наурыздан Маңғыстау облысы әкімінің әскери қорғаныс жөніндегі көмекшісі міндетін атқарды.

2002 ақпанда Батыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2003 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2008 жылғы қарашада Мемлекет басшысының өкімімен әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2009 жылғы 17 шілдеде Мемлекет басшысының үкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

 

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

 

 

Тусупбеков Амиржан Нурышевич

Родился 20 декабря 1953 года в г.Акмола.

Закончил Алма-Атинский институт народного хозяйства в 1981 году.

Трудовую деятельность начал в июле 1972 года старшим экономистом Целиноградского областного финансового отдела.

С октября 1972 г. по декабрь 1974 г. – действительная срочная служба в рядах Советской Армии.

С декабря 1974 г. по октябрь 1978 г. – контролер-ревизор областного финансового управления, старший контролер-ревизор контрольно-финансового управления МФ по Целиноградской области.

С октября 1978 г. по январь 1986 г. – старший бухгалтер-ревизор ПО «Целингазификация» и областного управления хлебопродуктов, начальник контрольно-ревизионного отдела Целиноблсельхозтехники.

С января 1986 г. по ноябрь 1992 г. – начальник областного хозрасчетного контрольно-ревизионного управления Целиноградского областного агропромышленного комплекса.

С ноября 1992 г. по июнь 1997 г. – начальник отделения Комитета Государственного финансового контроля по г.Акмола.

С июня 1997 г. по июнь 2003 г. – начальник Акмолинского городского финансового управления, начальник департамента финансов г.Астана.

С июня 2003 г. по февраль 2006 г. – заместитель председателя Комитета финансового контроля и государственных закупок Министерства финансов Республики Казахстан.

С февраля 2006 г. по сентябрь 2006 г. – начальник управления финансового контроля и государственных закупок по г.Астана.

С сентября 2006 г. по ноябрь 2007 г. – директор департамента финансов г.Астана.

С ноября 2007 г. по август 2009 г. – председатель Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

С 25 августа 2009 г. Распоряжением Главы государства назначен заместителем Министра обороны Республики Казахстан по экономике и финансам.

Награжден орденом «Курмет», двумя юбилейными медалями и почетной грамотой Президента РК с нагрудным знаком.

Женат, трое детей.

 

 

 

 

 

 



Сайт управляется системой uCoz