«Жас ұлан»

Әскери - спорттық клубы

 

Қазақстандық отаншылдық сезімді тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғарғы оқу орнына дейінгі орталықтарда,барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанда, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы.

Н.Ә Назарбаев.

Еліміздің ата заңы – Конституцияның 3б-бабында  «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген. Отанының лайықты қорғаушысы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөсіпірім мектеп қабырғасынан  бастап, өзін әскери қызметке дайындауға, Өз Отаны – Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуы тиіс.Осы мақсатта орта мектептерде өтілетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды Қазақстандық патиотизм мен нитернационализмге, демократиялық қоғам  ісіне шексіз берілгендік пен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлткісіз орындауға әзірлік рухында  тәрбиелеуге  бағытталған.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның бойындағы

күш -қуаты мен білімін, Отан игілігі мен мүдесі үшін жұмсау деген сөз. «Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлтық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм –бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, Өз қалқына деген сүйіспеншілігі» - деп Бауыржан Момышұлы патриотизмнің мәні мен мазмұнын ашып көрсетті.

Халқымыздың басты ерекшіліктерінің бірі – адам бойында ар мен намысты ерте қалыптастыру, бала бойына сіңіру, оларды адам тірішілігінің, іс қимылының өлшеуі ретінде қарау. Ұрпаққа мұндай тәрбие беру  - халықтың бүкіл өмірінің тіршілігінен көрінеді: Әрдайым ұятын ойлау, үлкенді сыйлау,тәртіптілік, мейірімділік, «жаным арымның садағасы» - мұның бәрі патриоттықа апаратын жолдар.

Мектеп қабырғасында патриоттық тәрбие тек қана 10-11 сыныптарда өтілетін  алғашқы әскери дайындық сабағында ғана емес, барлық сынып оқушыларына, сыныпта және сабақтан тыс өтілетін іс шаралар арқылы да беріледі.

 



Сайт управляется системой uCoz